Оразмағанбет ахун мешітінде тазалықшыларға құрмет көрсетілді
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Оразмағанбет ахун мешітінде мешіттің тазалығына жауапты қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табысталды.
Шара барысында мешіттің көркеюі мен тазалығына өз үлестерін қосып жүрген тазалықшыларға алғыс айтылып, Құрбан айт мерекесіне орай арнайы әзірленген сыйлықтар берілді.
