Оразмағанбет ахун мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан»республикалық акциясы аясында Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында мешіт ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, аумақ ретке келтірілді. Шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене қатысып, тазалық мәдениетін насихаттауға өз үлестерін қосты.
Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғау, қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және игі істерге үндейтін маңызды қадам болды.
