blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара аясында зағип, мүмкіндігі шектеулі, асыраушысынан айырылған және әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік қораптары табысталды. Қайырымдылық көмекті  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының өңірдегі жауапты маманы Байкенже Серікбайұлы табыстап, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Өз кезегінде көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ел амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасады.