blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде Рамазан айына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қасиетті Рамазан айына орай,Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Рамазан айында жамағатқа ауызашар ұйымдастыру мақсатында мешіт асханасының дайындығы пысықталды. Осыған байланысты тиісті мамандар тарапынан мешіттің асхана бөлігіндегі техникалық қауіпсіздік талаптары мен газ жүйелері толық тексерістен өткізілді.

Тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, газ құрылғыларының жарамдылығы және жалпы қауіпсіздік талаптарының орындалуы назарға алынды.