Оразмағанбет ахун мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде мерекелік шара өтті.
Айт намазынан кейін жамағатқа дәстүрге сай бауырсақ пен шұбат ұсынылып, мерекенің берекесі мен қуанышы бөлісілді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұлттық киім киіп келген жамағатқа арнайы Құрбан айт сыйлықтары табысталды.
Мереке аясында балаларға да ерекше көңіл бөлініп, батуттан ойын алаңшасы құрылды. 100-ге жуық бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, олардың шаттыққа толы мерекелік көңіл-күй сыйлауына жағдай жасалды.
