blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде Ораза Айт мерекесі тойланды

Бүгін Рахат ауылдық “Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы” мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. 

Айт намазы оқылып болған соң жамағатқа Наурыз көже және бауырсақтар таратылды. Сонымен қатар балаларға арнап ойын алаңы мен батуттар орнатылды және тәттілер таратылды.

Мешіт бас имамы Оразбай Түркменбайұлы жиылған жамағатты Айт мерекесімен құттықтап,ел мен жер амандығы үшін дұға жасады.