blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде Мәуліт кеші өтті

Жаңаөзен қаласы,Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде жамағатпен бірге рухани Мәуліт кеші өтті.

Тағылымды кешке Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Юнус Қадірқұлұлы және Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы,«Шаңырақ»мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы қатысып, жиналған жамағатқа Мәуліттің мәні мен маңызы, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайында уағыз-насихат айтты.

Шара барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, жамағатқа рухани тағылым сыйланды. Сонымен қатар, кеш соңында жиналған көпшілікке «Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) балалық шағы» атты кітаптар таратылды.

Мәуліт кеші жамағаттың рухани бірлігін арттырып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көркем мінезі мен тағылымды ғұмырын дәріптеуге арналды.