Оразмағанбет ахун мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
ҚМДБ 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешіті аумағында кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Игі шара барысында мешіт ауласына жеміс ағаштары мен түрлі гүл көшеттері отырғызылып, айналасы толықтай тазартылды. Акцияға мешіт жамағаты белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Аталған шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны аялау және қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру болып табылады.
