blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде «Имани жаз»сауат ашу курсы аяқталды

“Діни оқу-ағарту” бағыты аясында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде өткен “Имани жаз-2025″жазғы діни сауат ашу курсының бірінші легі өз мәресіне жетті.

Жаз айларында құлшылық үйінде ұйымдастырылған курсқа қатысушы жас шәкірттер Құран әліппесімен қатар әдеп,тәртіп дәрістерін үйренді.Діни сауат ашу курсына қатысқан барлық балаларға сертификат пен сыйлықтар берілді.