Оразмағанбет ахун мешітінде ақсақалға құрмет көрсетілді
«Дәстүр және отбасы» бағыты аясында Оразмағанбет ахун мешітінде тарауық намазын қалдырмай, өскелең ұрпаққа өнеге болып жүрген ақсақалға құрмет көрсетті.
Шара барысында мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы ақсақалдың иығына шапан жауып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жамағат алдында ақсақалдың мешітке тұрақты келіп, жастарға үлгі болып жүргенін атап өтті.

Жиналған жамағат ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, осындай игі істер арқылы үлкенді құрметтеу мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың маңызын жеткізді.