Оразмағанбет ахун мешітінде 7отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінде қасиетті Рамазан айында «Бір күнде – бір мұқтажға көмек» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Аталған игі бастама аясында мұқтаж 7 отбасыға азық-түлік және қажетті көмек берілді. Қайырымдылық көмегін мешіт имамдары табыстап, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты іс екенін атап өтті.
