blog Images

Оразмағанбет ахун мешіті:Ақсақалдарға «Muftiyat» баспасының кітаптары сыйға берілді

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун» мешітінде тағылымды шара ұйымдастырылды.

Шара аясында ауылдың ақсақалдарына ҚМДБ-ның «Muftiyat» баспасынан жарық көрген рухани кітаптар сыйға тартылды. Кітаптарды мешіттің бас имамы Оразбай Түркменбайұлы арнайы табыстап, ақсақалдардың қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіндегі рөліне тоқталды.

Сондай-ақ, ақсақалдарға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Жиналған қауым ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға бағытталған осындай рухани шаралардың маңыздылығын атап өтті.