blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешіті:лицейі ұжымымен сұхбат жүргізді

9желтоқсан -сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық күні қарсаңында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінің наиб имамы Дабаров Рысбек  Жаңаөзен қаласы білім беру лицейі ұжымына “Сыбайлас жемқорлықтың зияны “ атты тақырыпта сұхбат жүргізді.

Дабаров Рысбек білім беру лицейі ұжымына кісінің ақысын жеу, аманатқа қиянат жасау, пара беру мен пара алу, тіпті пара беруге үгіттеу де күнә екендігін,және ондай әрекеттен аулақ болу керектігін түсіндірді.

Алла Тағала (Бақара сүресі,188-аят):

وَلاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ وَتُدْلُواْ بِهَا إِلَى الْحُكَّامِ لِتَأْكُلُواْ فَرِيقاً مِّنْ أَمْوَالِ النَّاسِ بِالإِثْمِ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ

«Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар».

Мінеки, Алла Тағала қасиетті аят жолдарында сыбайлас жемқорлыққа тыйым салып тұрғандығына бірден-бір дәйек. Тәпсір дереккөздерінде Абдулла Ибн Омар (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) пара берушіні де, пара алушыны да лағнеттеген»,-деген.

(Ат-Тирмизи)