blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті: Наиб имам оқушылармен кездесті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің наиб имамы Рысбек Азаматұлы жергілікті № 3 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Білім алушылармен кездесу барысында Рысбек Азаматұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы сөз қозғады. Бұдан бөлек, наиб имам оқушыларға экстремизм туралы терең түсінік беріп, діни тұрғыдан сауатты болуға шақырды.