blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті: Наиб имам әскери бөлімде болды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің наиб имамы Рысбек Азаматұлы жергілікті әскери бөлімнің сарбаздарымен кездесу өткізді.

«Парақорлық қарғысқа ұшыраған амал» тақырыбында өткен кездесу барысында Рысбек Азаматұлы пара берудің және пара алудың дініміздегі орны, оның зияны мен зардаптары туралы насихат жұмыстарын жүргізіп, жауынгерлерді ел мүддесі үшін адал қызмет етуге шақырды.