blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті: Демеуші азаматтарға дастарқан жайылды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде демеуші азаматтарға ақ дастарқан жайылды.

Шара барысында мешіт имамы Жұмабай Қуандықұлы әрдайым құлшылық үйінің қажеттіліктерін өтеуге көмек көрсетіп жүрген қолы ашық жандарға алғыс айтып, «Ережеп, Шағбан, Рамазан айларының артықшылықтары» тақырыбында уағыз-насихат айтты.