blog Images

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешіті: 10 отбасыға көмек көрсетілді

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне жүзеге асқан іс-шара барысында жергілікті дін қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді үйлеріне дейін жеткізіп, қолма-қол үлестіріп берді.

«Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!