Ораза айтта шетелдік қонақтар Қызылсай мешітінде бас қосты
Қызылсай ауылдық Мұханмедин Шихыұлы мешітінде Ораза айт мерекесі ерекше форматта аталып өтті.
Айт күні ұйымдастырылған мерекелік шараға шетелдік азаматтар арнайы қатысып, қазақ халқының дәстүрі мен қонақжайлығына куә болды. Қонақтар құрметпен қарсы алынып, оларға ақ дастархан жайылды.
Шара барысында жамағат пен қонақтар өзара пікір алмасып, мерекенің рухани мәні кеңінен насихатталды. Бұл игі бастама түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті арттыруға өз үлесін қосты.
