Ораза айт:Қарақия аудандық мешітінде 150балаға тәттілер таратылды
Қарақия аудандық орталық мешітінде Ораза айт мерекесіне орай игі шара ұйымдастырылды.
Айт күні мешіт ауласында 150 балаға тәттілер таратылып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйланды. Сонымен қатар, арнайы ойын батуттары орнатылып, балалардың еркін ойнап, мерекелік көңіл-күйді сезінуіне жағдай жасалды.
Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, Ораза айттың мейірім мен жақсылыққа толы мереке екенін дәріптеу болды.
