blog Images

Ораза айт: «Шопан ата» мешітінде ұлттық құндылықтар насихатталды

Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әйел-қыздар сектораның ұйымдастыруымен Айт күні өткен шара барысында жамағатқа Наурыз көже таратылып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ұршық иіру секілді дәстүрлі көріністер көрсетілді. Шараның басты мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып, дін мен дәстүрдің сабақтастығын кеңінен таныту, сондай-ақ жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

Әжелер тағылымды насихат айтып, жиынның мазмұнын арттыра түсті. Берекелі басқосу барысында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.