ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Игі шара аясында мешітте қызмет етіп жүрген барша қызметкерлерге қаржылай сыйақы табысталып, олардың дін жолындағы еңбектеріне алғыс білдірілді.
Шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы барша жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, мешіт қызметкерлерінің дін жолындағы адал еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, дін қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, арнайы сыйлықтарды табыстады.
