blog Images

«Ораза айт мерекесі – балалар қуанышы» атты шара өтті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінде «Ораза айт мерекесі – балалар қуанышы» атты шара ұйымдастырылды.

Ұстаздар балаларға Ораза айт мерекесінің мән-мағынасы туралы түсінік беріп, білім сайысын өткізді. Сондай-ақ, арнайы шақырылған аниматорлардың көмегімен эстафеталық жарыс, арқан тартыс сияқты ойындар болды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Мешіт атынан 60 балаға базарлық қораптары үлестіріліп, попкорн, тәтті мақта тегін таратылды.