«Ораза айт мейрамы» атты рухани кеш өтті
Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттердің ұстаздары әйел-қыздар жамағаты үшін «Ораза айт мейрамы» атты рухани кеш ұйымдастырды.
Шараның алғы сөзін Маңғыстау облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы алып, жиналған көпшілікті Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Кеш барысында уағыздар және рухани көрініс көрсетіліп, қызықты ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, Рамазан айында «Әр күніңді әсемде» атты марафонның жеңімпаздары марапатталып, берекелі айда Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді. Рухани шараға 350 ге жуық әйел, қыз-келіншектер қатысты.
Жамағат атынан «Әбіш қожа» мешітінің ұстаздары Айдана Мұңайытбасқызы және Алуа Сәкенқызы, сондай-ақ «Шаңырақ» мешітінің ұстазы Айнұр Қайратқызына «Rixos» демалыс орнына жолдама сыйға берілді.