blog Images

Өзбекстан мүфтиі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына жеделхат жолдап, Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Сізді Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы мен өз атымнан мұсылман үмбетінің ұлық мейрамы – Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ұлық мерекеміз жүректерімізге қуаныш пен тыныштық сыйласын деп тілеймін. Алла Тағала отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, Ислам дінін өркендету жолындағы жұмысыңызға береке нәсіп етсін. Рамазан айында жасаған құлшылықтарыңыз бен игі істеріңіз Алланың құзырында қабыл болғай» делінген құттықтау хатында.