ӨҢІРЛІК ИМАМДАР ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігіне қарасты аудан және қала мешіттерінің имамдары 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша жылдық есеп берді.
Жыл басында бағдарлық баяндамасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Маңғыстау өкілдігі аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осыған орай, мүфтият бекіткен 5 бағыт негізіндегі жоспарға сай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы өкілдікке қарасты қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2024 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыс бас имамы жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктері жайлы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.