blog Images

Облыстық мешітте жат ағымның алдын алу бағытында насихат айтылды

Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық кездесу өтті.

Жиын барысында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы діни жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізді.

Кездесу аясында  Қажымұқан Далубайұлы «Білімді жамағат – жат ағымның жетегінде кетпейді»тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, сенімді дереккөздерден білім алуға шақырды.