blog Images

Облыстық мешітте жас жұбайларға арналған семинар өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ихсан және Насихат» бағыты аясында «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» атты жас жұбайларға арналған семинар ұйымдастырылды.

Алғы сөзді алған Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы танымдық шараның мәні мен мақсатын түсіндірсе, Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының мүшесі, Саламат қажы Нұрұлы семинарға қатысушыларға «Ажырасу – Алла сүймейтін іс» тақырыбында насихат айтып, ағалық кеңесін берді.