ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ РУХАНИ НАСИХАТ ӨТТІ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Республика күні мерекесіне орай ақшам және құптан намаздарының арасында жамағатқа Тәуелсіздік тақырыбында тағылымды насихат айтылды.
Жиында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, ұстаз Марат Жарылқапұлы және облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы қатысып, елдің рухани тәуелсіздігі мен бірлігі туралы мазмұнды уағыз айтып,Тәуелсіздік — Алланың ұлы нығметі, оны сақтап, қадірлеу әрбір мұсылманның парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ жамағатпен бірге елдің амандығы мен ынтымағы үшін дұға жасап, жастарды имандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге үндеді.





