Облыстық мешітте «Рамазан-рухани кемелдену айы»атты рухани насихат өтті
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде «Рамазан – рухани кемелдену айы» атты рухани насихат өтті.
Облыстық мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, ораза ұстаудың рухани мәні мен сауаптары жайлы жамағатқа кеңінен түсіндірді. Ол Рамазанның жүректі тазартуға, иман мен қайырымдылыққа тәрбиелеуге қосатын маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ұстаз ораза кезінде мейірімділік пен сабырлылықты арттыру, туыс-туғанмен қарым-қатынасты нығайтуға ,мұқтаж жандарға қол ұшын созу сияқты ізгі амалдардың сауаптарын атап өтті.





