ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ «ҚҰРАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК»ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ жамағатқа рухани тағылымды насихат айтты.
Насихат барысында ол «Құранға деген махаббат және елге адал қызмет ету» тақырыбында сөз сөйлеп, мұсылманның өмірінде Құранның алатын орны мен елге адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.
Әли Қазақ өз сөзінде Құранға деген сүйіспеншілік — иманның беріктігін арттыратынын, ал ел мен қоғам игілігіне еңбек ету — нағыз мұсылмандықтың көрінісі екенін атап өтті.




