ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық жиыны өтті.
Басқосуға облыс аумағындағы мешіттердің бас имамдары қатысты. Жиын барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы алдағы Рамазан айында атқарылатын қайырымдылық,діни-ағартушылық жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, айлық шараларды жүйелі әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ, бас имам Рамазан айында жамағатпен жұмысты күшейту, ауызашар, тарауих намазы, қайырымдылық шаралары мен насихат жұмыстарын үйлестіру бағытында имамдарға нақты тапсырмалар берді.Мешіт имамдарына «Ораза айында мешіттердің қауіпсіздігін және инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар» нұсқаулымен таныстырылды.
Жиын соңында қойылған сұрақтар талқыланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.








