blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде қасиетті жұма күні  Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) көркем мінезі мен өмірінен өнегелер баяндалды.

Жиналған жамағатқа мешіт имамдары Мәуліттің мәні мен маңызы жайында түсіндіріп, Алла Елшісінің (с.а.у.) ұстанған асыл жолы мен өнегелі өмірін насихаттады. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) салиқалы ғұмырына қатысты хадистер оқылып, салауаттар айтылды.

Жиын соңында жамағатпен бірге ел амандығы мен жер тыныштығы үшін дұға оқылды.

Мәуліт айы баршамызға мейірім мен сауапқа толы ай болғай!