blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ХАЛАЛ ӨНІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚМДБ «Халал даму»бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде халал жәрмеңке өтті.

Қасиетті жұма күні өткен игі шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын иеленген өңірдегі кәсіпкерлер өз өнімдерін жамағат назарына ұсынды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – халыққа халал әрі сапалы өнімдерді кеңінен таныстырып,  адал кәсіпті насихаттау.

Жәрмеңкеге келген жамағат ұсынылған өнімдердің сапасымен танысып, қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, халал стандарттарының маңыздылығы түсіндіріліп, адал ас – рухани тазалықтың негізі екені кеңінен насихатталды.

Аталған жәрмеңке жергілікті кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтып, халал индустрияның дамуына серпін беретін маңызды бастама болды.