blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ «БАС ИМАМ САҒАТЫ»ӨТТІ

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде «Бас имам сағаты»рухани кездесу өтті.

Жиында ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Рамазан айының сауабы тақырыбында насихат айтып,Рамазанның айының қадір-қасиеті , нәпсіні тәрбиелеу және тақуалықты арттыру жайында кеңінен сөз қозғады.

Сонымен қатар Әнуар Ізімбайұлы биылғы «Ислам және адал қоғам жылы» аясында адалдық, жауапкершілік және әділдік құндылықтарын қоғамда орнықтырудың маңызын жеткізді. Әсіресе, жастар тәрбиесі, отбасы ынтымағы, ата-ана разылығы мен ағайын арасындағы татулық мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сондай ақ,«MUFTIYAT»баспасынан жарық көрген «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы таныстырылды.

Кездесу барысында жамағат өздерін толғандырған сауалдарын қойып, шариғи тұрғыда нақты жауаптар алды. Жиын соңында ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.