blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ «БАЛАНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ҚҰРАННЫҢ ОРНЫ»АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде «Баланың өміріндегі Құранның орны» тақырыбында жамағатқа арналған тағылымды семинар өтті.

Семинарды  Маңғыстау облысы бойынша Құран секторының жауапты маманы Қайрат қари Қожағалиұлы жүргізді. Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі қасиетті Құранның маңызы, жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін егу жолдары, сондай-ақ отбасындағы рухани тәрбиенің рөлі кеңінен түсіндірілді.

Шара барысында ата-аналарға баланы Құранға баулудың тиімді тәсілдері, күнделікті өмірде Құран аяттарын насихаттау және үлгі-өнеге көрсету мәселелері айтылды. Жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.