blog Images

Облыстық мешітте әйелдер жамағатына «Жат ағымның алдын алу»семинары өтті

Маңғыстау облыстық ортплық” Бекет ата ” мешітінің әйелдер жамағатына ” Діни радикализм мен тероризмнің алдын алу жолдары “атты семинар өтті.
Семинарға Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының өкілі Жұлдыз Якубқызы Аталикова және “Айрақты көмек көрсету орталығының теолог маманы Абилтай Гулден қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және олардың шығу тарихы, олардан сақтану жолдары, қоғамдағы жастардың арасында белең алып бастаған интернет желісіндегі діни ақпараттардың алдын алу жолдары бойынша ақпарат берді.
Кездесу барысында жастарға деструктивті діни ағымдардың белгілері,сипаты, олардың алдын алу жолдарын, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Және Орталық мешіт ұстазы Тореканова Жазира ұстаз жамағатқа білім алудың маңыздылығы, әсіресе ақида ілімінің құныдылығы түсіндірілді. Ақида пәнінен біраз өзекті тақырыптарына шолу жасалып, жамағатқа ақпарат берілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.