Облыстық мешітте әйел жамағаты арасында «Ислам ақидасы»пәнінен білім сайысы өтті
Маңғыстау облыстық орталық ” Бекет ата ” мешітінің әйелдер жамағатына Төреханова Жазира ұстаздың ұйымдастырумен ” Ислам ақидасы» дәрістері бірнеше ай бойы жалғасты.
Дәрістердің аяқталуына байланысты, шәкірттердің білімін тексеріп, одан әрі жетілдіру үшін викториналық сұрақ- жауап жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, шәкірттер тест сұрақтарына жеке- жеке жауап берді. Екінші кезең топтық викториналық жарыс түрінде болды. Әр топ ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беріп, ұпай жинап отырды.
Жамағат жарысқа өте белсенді қатысты.Сайыс нәтижесі бойынша:
1- орын «Мариям» тобы
2- орын «Ар- рахман» тобы
3- орын «Жәннат гүлдері» тобы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтары табысталды.
Білім сайыстары шәкірттердің одан әрі білім алуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратындырады. Бұл сайыс ақида ғылымының маңыздылығын, құндылығын өте жақсы ұғындырды . Алла шәкірттердің білім арттырсын, Алла білімдеріне береке берсін!
