blog Images

Облыстық мешіт жамағаты киелі орындарға зиярат жасады

Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарды насихаттау және туризмді дамыту мақсатында Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің дін қызметкерлері жамағатпен арнайы зиярат ұйымдастырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан «Darhan Dala» жобасы аясында Сұлтан үпі жер асты мешіті мен Шақпақ ата жер асты мешітіне,Ержан Хазірет қабір басына зиярат жасалды.

Рухани сапарға өлкетануы Алқажан Еділхан,өлкетанушы Нұржігіт Нұрболатұлы,облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы да зиярат етіп, әулиелі өлке Маңғыстаудың тарихын,өңіріміздің ерекшеліктері мен тарихи-мәдени мұрасы жайлы ақпарат берді..Ең алдымен қорым аумағында орналасқан Ержан Хазіреттің қабіріне зиярат жасады,содан соң,сәулет өнерінің ескерткіші саналатын Шақпақ ата жерасты мешітіне ат басын бұрып, бабалар рухына Құран бағыштады.

Сонымен қатар,Таушық селосынан 30 км солтүстік-батысбағыттаорналасқан Сұлтан-үпі жер асты мешітіне жол тартты.Зиярат барысында облыстық мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы «Ихсан ілімі»,»Сопылық сыры» тақырыбында  насихат айтты.