blog Images

Әйел-қыздар секторы облыстық мешіт ауласын абаттандырды

Маңғыстау өңіріне қарасты «Әйел-қыздар» секторы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің  ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) табиғатты аялауға қатысты хадистерін ту еткен «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы бастаған әйел-қыздар жамағаты құлшылық үйінің ауласына 20 түп жеміс ағашын отырғызды.

Игі шараның мақсаты – мешіт ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау болып табылады.

Бұдан бөлек, әйел-қыздар жамағаты облыстық орталық мешіт ішінде кешенді тазалық жұмыстарын жүргізді.