blog Images

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ «ТӨРЛЕТІҢІЗ»БАҒДАРЛАМАСЫНДА СҰХБАТ БЕРДІ

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау ТВ телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына арнайы қонақ болып, тікелей эфирде сұхбат берді.

Сұхбат барысында облыс бас имамы «Ислам және адал қоғам» тақырыбын кеңінен қозғап, қоғамдағы адамгершілік құндылықтар, адалдық пен жауапкершілік, сондай-ақ ислам дінінің көркем мінез қалыптастырудағы рөлі жайында өз ойымен бөлісті.

Тікелей эфирде қойылған сауалдарға нақты жауап берген Әнуар Ізімбайұлы рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, адал қоғам құру әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.