blog Images

Облыс бас имамы Сайын Шапағатов мешітінің тыныс -тіршілігімен танысты

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жұмыс сапарымен Сайын Шапағатов ауылдық мешітіне барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іссапар барысында қасиетті айдағы ұйымдастырылып жатқан рухани шаралар, тарауық намазының өткізілу барысы, мешіттің сыртқы-ішкі құрылысы назарға алынды. Сонымен қатар мешіттің тазалығы, ішкі тәртібі және кітап сөрелеріндегі діни әдебиеттер тексеріліп, олардың мазмұны мен жүйелі орналастырылуы қарастырылды.

Бас имам Рамазан айының қадір-қасиетін ерекше атап өтіп, бұл ай – рухани жаңару мен сауапты істерді көбейтудің мүмкіндігі екенін жеткізді. Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне жамағатпен жұмысты жандандырып, қайырымдылық шараларын жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.