blog Images

Облыс бас имамы Құрбан айтқа қатысты арнайы сұхбат берді

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Маңғыстау ТВ» телеарнасында , Құрбан айт мерекесіне қатысты арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында облыс  бас имамы құрбандық шалудың тарихы мен діни танымы, оның қоғамдағы әлеуметтік және рухани пайдасы, сондай-ақ құрбандықты дұрыс орындау тәртібі жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, бұл ғибадаттың мұсылман қауымы үшін маңызы мен тәрбиелік мәніне тоқталды.

Айта кетейік, биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27 мамыр күні аталып өтеді.