Облыс бас имамы «Нұр-Мүбарак» университетінің түлектерімен кездесті
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2026жылғы бітіруші түлектерімен тағылымды кездесу өтті.
Басқосудың негізгі мақсаты – жас мамандарды Маңғыстау өңіріне қызметке шақырып, өңірдегі діни кадрлар қатарын білікті мамандармен толықтыру.
Кездесу барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, аймақтың діни ахуалы, имамдарға қойылатын талаптар мен жауапкершілік туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ жастарды елге қызмет етуге, халықтың рухани сұранысын өтеуге үлес қосуға шақырды.
Жиын барысында түлектер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірде еңбек ету мүмкіндіктері жөнінде нақты ақпарат алды. Кездесу еркін форматта өтіп, өзара пікір алмасу алаңына айналды.
