blog Images

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Қ.Сыдиықов атындағы  Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында«Конфессияаралық келісімнің өзекті мәселелері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Жиынға діни бірлестіктердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті сақтау» тақырыбында баяндама жасады.

Облыс бас имамы өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен татулық – ел дамуының басты тірегі екенін атап өтті.Діни бірлестіктердің өзара сыйластық пен түсіністік негізінде қызмет атқаруы, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау – бейбіт өмірдің кепілі екенін жеткізді.

Сондай-ақ, өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау, түрлі конфессия өкілдері арасындағы өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бас имам бірлік пен келісім – ортақ құндылық екенін, оны сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті.

Жиын барысында қатысушылар қоғамдағы діни толеранттылықты арттыру, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.