«Нұржайна» ет дүкені «Халал» сертификатына ие болды
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан «Нұржайна» ет дүкеніне «ҚМДБ халал» сертификаты берілді.
Аталмыш ет дүкенінің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
Бұдан бөлек, осы дүкеннің басшысы Нұрлан Тобышбайұлына «Ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын сою» халал стандарты бойынша арнайы семинарды аяқтағаны жөнінде сертификат табысталып, қасапшы куәлігі берілді.
«Нұржайна» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 30.03.2023 – 29.03.2024.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 31 ықшам аудан, «Хазар» базары, 29 орын.