Наурызда ұйымдастырылған нақышты шара
Бірліктің, татулықтың, жасампаздықтың мерекесі – әз-Наурыз мейрамына орай Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Танымдық шараға әйел жамағатының 12 өкілі қатысып, асыл дініміз бен салт-дәстүріміз бойынша өз білімдерін ортаға салды.
«Қатысушылар сайысқа үлкен дайындықпен келіп, өз білімдерін, шеберліктерін көрсете білді. Өзгелерден озып шығып, сайыста жеңімпаз атанған ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге ақшалай сыйлықтармен марапатталды», деді мешіт ұстазы Ақмарал Қазиева.
Сайыстан соң, әйел-қыздар жамағаты дизайнер Ләззат Мырзашпен кездесіп, кимешек тартудың сән үлгілерін үйренді.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі