blog Images

Наурызбай қажы Тағанұлы Әлихан Бәйменовпен сұхбаттасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменовпен кездесті.

Кездесуде Әлихан Мұхамедияұлы жуырда мүфтияттың бастамасымен Жезқазған қаласында «Ұлытау облысының рухани дамуы» тақырыбында өткен конференцияның маңызы мен жиында көтерілген мәселелер жайлы өз пікірін білдірді.

Басқосуда жастарға дұрыс діни ақпарат беру, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын кеңінен насихаттау, имамдардың заманауи білімін жетілдіру, діни ағарту саласындағы жұмысты жандандыру т.б. мәселелер талқыланды.