Насихат керуені-Жаңаөзен қаласында
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен «Насихат керуені» Жаңаөзен қаласында жамағатпен жүздесіп, жұма уағыздарын жүргізді.
Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде «Уәдеге беріктік – мұсылманның көркі» тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында уәде мен аманатқа адал болу, мұсылманның қоғамдағы жауапкершілігі мен сенімділігі жайында насихат жүргізілді.
Сонымен қатар, «Насихат керуені» құрамындағы дін қызметкерлері Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттерде жұма уағыздарын жүргізді.
- Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінің наиб имамы Ержан Бақытжанұлы – Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде;
- Ақтау қалалық «Шопан ата» мешітінің наиб имамы Айдос Жамбылұлы – «Оразмағанбет ахун» мешітінде;
- «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы – «Сәби Атабайұлы» мешітінде;
- Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінің бас имамы Наурызбай Құралбайұлы – Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде жұма уағыздарын жүргізді.
«Насихат керуенінің» басты мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, имандылық пен отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайту болып табылады.










