«Насихат керуені»-Қарақия ауданында
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен бастау алған дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» Қарақия ауданына ат басын бұрды.ҚМДБ тарапынан әр жұма сайын бекітілген тақырып аясында «Тәуелсіздік-ұлы нығмет» тақырыбында жұма уағызын өткізді.
Мұнайлы ауданы,»Баянды» ауылдық мешітінің бас имамы,ЖАНТ мүшесі Айтбаев Саламат Түгелбайұлы Қарақия аудандық орталық мешітінде,«Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы» мешітінің наиб имамы,ЖАНТ мүшесі Қуат Рахматулла Абдихаирұлы Жетібай ауылдық «Сүйінғара» мешітінде ал,Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің наиб имамы,ЖАНТ мүшесі Кувандыков Дінмұхамбет Алиұлы Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінің жамағатымен жүздесіп уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Еске сала кетейік,дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» бұған дейін Жаңаөзен,Маңғыстау,Бейнеу аудандарында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізген болатын.Алдағы уақытта «Насихат керуені» Түпқараған мен Мұнайлы аудандарын аралайды.