blog Images

«Насихат керуені» Бейнеу ауданында жұма уағызын жүргізді

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Насихат керуені-Бейнеу ауданына» арнайы барып, бірқатар мешіттерде «Исламдағы жастар тәрбиесі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Мешіт имамдары Бейнеу ауданы мешіттерінде  жамағатқа Пайғамбарлық сүннеттегі тәрбие үлгісі, ата-ана жауапкершілігі, жас ұрпақтың имандылық пен білімге ұмтылысы жайында тағылымды насихат айтты.

Атап айтқанда:

  • Басшы Айжанқұлы мешітінде –  Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Маманбаев Қайрат Қошкелдіұлы
  • Үстір ауылдық мешітінде – Төлей ишан мешітінің бас имамы Қалдыбаев Наурызбай Құралбайұлы
  • Ыбырайым ахун мешітінде – Ақтау қалалық Шопан ата мешітінің наиб имамы Муталиев Айдос Жамбылұлы
  • Боранқұл ауылдық мешітінде-Ақтау қалалық Ержан Хазірет мешітінің наиб имамы Мизамбай Абдолсабыр Абдолкәрімұлы
  • Ақжігіт ауылдық мешітінде-Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы-Шағалақ Мейрамбек

Жиын барысында имамдар жастарды дұрыс ортаға бейімдеу, аманатқа адал болу, уақытты тиімді пайдалану, мәдени-рухани құндылықтарды сақтау сияқты маңызды бағыттарды атап өтті.